Мәжіліс спикері сыртқы істер министрі орынбасарының Қазақстанда басқару нысанын ауыстыру мүмкіндігі туралы пікірімен келіспейді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс спикері сыртқы істер министрі орынбасарының Қазақстанда басқару нысанын  ауыстыру мүмкіндігі туралы пікірімен келіспейді

Мәжіліс спикері сыртқы істер министрі орынбасарының Қазақстанда басқару нысанын ауыстыру мүмкіндігі туралы пікірімен келіспейді

АСТАНА. 6-қыркүйек. Kazakhstan Today. Парламент мәжілісінің төрағасы Орал Мұхамеджанов еліміздің сыртқы істер министрінің орынбасары Рахат Әлиевтің Қазақстанда басқару нысанын конституциялық монархияға ауыстыру мүмкіндігі туралы пікірімен келіспейді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 6 Қыркүйек 2006
  • 438
Фото - Caravan.kz

«Өз басым бұл пікірмен қосылмаймын»,- деді О.Мұхамеджанов бүгін журналистер сауалына жауап беру барысында.

Бірақ мәжіліс төрағасы елімізде кез-келген мәселе бойынша әркім өз пікірін ашық білдіре алатынын атап өтті. «Қазақстан- демократиялық мемлекет, елімізде сөз бостандығы үстемдік құрады, әркімнің өз пікірі болуға тиіс»,- деді ол.

Естеріңізге сала кетсек, «Караван» апталығында жарияланған мақаласында

Р.Әлиев : «нағыз демократиялық институттары толық жұмыс істейтін, конституциялық монархия түріндегі саяси құрылым моделі қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге жауап бере алатын, ең сенімді құрылым секілді сезіледі»,- деп атап көрсеткен болатын. Бұл орайда Р.Әлиев мемлекеттік жүйені түбегейлі өзгертіп жіберуге шақырмайтынын жеткізеді. «Жүйе жұмыс істеп тұр, проблемалары болса да, өз міндетін атқаруда. Дегенмен, мен лениндік немесе басқа республика түріндегіден өзге бізге мейлінше лайық келетін модель дүние жүзінде бар-жоқтығын зерттеп көруді ұсынамын»,- дейді Р.Әлиев.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта