Өрт кезінде зардап шеккен Павлодар облысы "Ертіс орманы" орман қорғау резерватының қызметкері ес түсін жинай алмай көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өрт кезінде зардап шеккен Павлодар облысы "Ертіс орманы" орман қорғау резерватының қызметкері  ес түсін жинай алмай көз жұмды

Өрт кезінде зардап шеккен Павлодар облысы "Ертіс орманы" орман қорғау резерватының қызметкері ес түсін жинай алмай көз жұмды

ПАВЛОДАР. 7 қыркүйек. Kazakhstan Today. Өрт салдарынан денесін 100% күйік шалған "Ертіс орманы" орман қорғау резерватының қызметкері ес түсін жинай алмай қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

  • 7 Қыркүйек 2006
  • 439
Фото - Caravan.kz



Төтенше жағдайлар департаменті жедел кезекшісінің агенттікке берген мәліметіне сәйкес, орман өртін сөндіру кезінде зардап шеккен 28 жастағы Вячеслав Екидкин кеше 15 сағатта қайтыс болды. Тілсіз жаудан жапа шеккен тағы бір азамат — ерікті көмекші 20 жастағы Мадияр Рахымжановтың денсаулығын дәрігерлер тұрақты деп бағалауда. Жігіт әліде Лебяжы аудандық ауруханасында жатыр. Ақ халаттылардың айтуынша, ол 2-ші 3-ші дәрежедегі күйік алған, оның тыныс алу жолдары және жұмсақ бұлшық еттері зақымданған , дейді департамент өкілдері.

Департаменттегілердің айтуына қарағанда, «Ертіс орманы» мемлекеттік табиғи қорығы Бесқарағай бөлімшесінде 4 қыркүйекте шыққан өрт кеше таңертең сөндіру мүмкін болды. Алдын-ала мәліметтер бойынша, тілсіз жау 550 га жерді жайпап кеткен, оның 520 гектары орманды жер. Департамен өкілдерінің мәліметінше «қазіргі кезде қылқан жапырақты орманда 3 өрт сөндіру автоцистернасы 3 трактор және орманды қорғау резерватының жеке тобынан 20 адам қалды, олар өрт болған учаскені тазартуда».

Осыған дейін хабарланғандай, Павлодар облысындағы «Ертіс орманы» мемлекеттік қорығында өрттің шығуына Жабағылы ауылының тұрғыны кінәлі. Ол, орманға МТЗ-80 тракторымен кірген, соның салдарынан ұшқын шығып құрғақ ағаштар жана бастаған. Қолға түскен азаматтың үстінен ҚР ҚК «Орманды жою немесе залал келтіру» жөніндегі 292 бабының 2 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта