Оның айтуынша, ұсталған 29 жасөспірімнің 26-сы ішімдікпен әуестенсе, үшеуі бұзақылығы үшін құрықталған.
Шара барысында Әуезов полиция бөлімінің қызметкерлері пәтерлер мен дүкендерде жасалған 15 ұрлық оқиғасына қатысы бар күдікті жасөспірімді ұстады. «Ол ұрлықты кәмелеттік жасқа жетпеген басқа да сыбайластарымен бірлесіп жасаған»,- дейді аға инспектор Асхат Қасымов.
Шұғыл-профилактикалық «Жасөспірім» шарасы 8-қыркүйекке дейін созылады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті