Елімізде 45 мың заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елімізде 45 мың заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды

Елімізде 45 мың заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды

АСТАНА. 7-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгінгі жағдаймен елімізде 45 мың заңсыз еңбек мигранттары заңдастырылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР ІІМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 7 Қыркүйек 2006
  • 351
Фото - Caravan.kz

Полициядағылардың хабарлауынша, 48,1 мың шетел азаматынан өтініш қабылданып, 45 мың 44 адам заңдастырылды. Олардың арасында 3 мың Өзбекстан азаматы, 6 мың Қырғызстан азаматы, 2 мың Ресей азаматы, 1,5 мың Тәжікстан азаматы мен 2 мыңдай басқа елдердің азаматтары бар.

Заңсыз еңбек мигранттары ең көп заңдастырылған аймақтарға Алматы (6.961), Алматы облысы (5.974) мен Оңтүстік Қазақстан (4.759) обласы жатады.

Заңдастырылған еңбек мигранттарының басым бөлігі құрылыс нысандарында (24.682), қызмет көрсету (3.946) және ауылшаруашылығы (3.033) салаларында істейді. Үй қызметшісі болып істейтін 1977 адам заңдастырылды.

Заңдастырылған адамдардың 52,8 проценті 30 жасқа дейінгі, 39 проценті 30-45 жас аралығындағы, 9,1 проценті 45 жастан асқан адамдар.

Бір реттік шараның нәтижесі бойынша бюджетке тек тамыз айында 75 млн. теңгеге дейін түсім түседі деп межеленген, деп хабарлайды ІІМ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта