«Биылдан бастап 2010-жылға дейін 9 әуежайдың ұшу-қону алаңын жаңалау жоспарлануда, ал 2011-2015-жылдар аралығында қалған 7 әуежайдағы ұшу-қон алаңдары жаңаланады»,- деді Б.Жарылқағанов.
Министрлік өкілінің хабарлауынша, «азаматтық авиация саласындағы зерттеулерге сәйкес, 2015-жылға дейін жолаушы тасымалы көлемінің өсімі орта есеппен 18 процентті құрамақ. Жолаушы тасымалының рыногы 2005-жылғы 1 млн. жолаушыдан 2015-жылы 6,6 млн. жолаушыға дейін өседі деп күтілуде».
Б.Жарылқағановтың айтуынша, жолаушылар ағыны өскен сайын ұшақтар саны да артуға тиіс. «Әуе компанияларының ұшақтары паркі 10 жылда 65-ке дейін жетеді»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті