Оқыс оқиға кеше Успенский ауданының Новопокровка ауылында болған. Ауылдық мектептің 8 және 9 жастағы екі баласы ауылдың шетіндегі құмды карьерде ойнап жүрген. Балалар карьердің ең терең тұсына түскен сәтте ол опырылып кеткен. Сол маңда жүрген ересектер көмекке асыға жеткенімен, балаларды құтқарып алу мүмкін болмай қалды. Үйіндіні тазартып алған кезде екі бала да жан тапсырған болып шықты. Балалар тұншығып өлген, деп хабарлайды баспасөз қызметі.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті