Алматыда өтетін конференцияда Орталық Азия елдеріндегі орыс диаспорасының жағдайы талқыланады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда  өтетін конференцияда Орталық Азия елдеріндегі орыс  диаспорасының жағдайы талқыланады

Алматыда өтетін конференцияда Орталық Азия елдеріндегі орыс диаспорасының жағдайы талқыланады

МӘСКЕУ. 13 қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда 14-15 қыркүйек аралығында Орталық Азиядағы Ресей отандастарының конференциясын өткізу жоспарлануда. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі РФ СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 402
Фото - Caravan.kz

Жиын барысында, Орталық Азиядағы миллиондаған орыс диаспорасының жағдайына, отандастар ұйымдарының өзара байланыстарын және түрлі салада тарихи Отанымен ынтымақтастықты нығайтуға қатысты бірқатар мәселелер қаралады.

Әсіресе, шетелдегі отандастардың ісі жөніндегі, Орталық Азия аймақтарына қатысты, көші-қон процесіне, орыс тілді кеңістікті сақтау туралы үкіметтік комиссияның бағдарламаларына баса назар аударылады деп жоспарлануда.

Аталған конференция осы жылы қайта жанданған отандастардың аймақтық кеңесі тәжірибесінің аясында өткізілуде. Алдыңғы шара осы жылдың мамыр айында Вильнюсте Балтық елдерінің отандастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен өткізілген болатын.

Форум Қазақстан өкіметінің келісімімен өткізілуде. Ұйымдастырушыларға Қазақстан тарапынан барынша көмек көрсетіліп жатыр. Конференция жұмысына статс- хатшы, Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары Григорий Карасин, осы шараға қызығушылық танытқан Ресей министрліктері мен ведомстваларының жауапты өкілдері қатысады.

Жиынға Қазақстаннан, Қырғызстаннан, Өзбекстаннан , Тәжікстаннан, және Түркмениядан ондаған отандастар ұйымдарының өкілдері қатысады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта