«Мен екінші сьезд екі тараптың мемлекеттері мен халықтарының назар аударып отырған диалог мәдениеті мен өркениетіне зор үлес қосады деген сенімдемін»,-деп мәлімдеді Жак Ширак Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа жіберген жолдауында.
«Мәдениеттер қақтығысына төтеп беру, зорлық-зомбылыққа қарсы күресу, біздің түсінігіміздегі бейбітке қол жеткізу — бұл барлық ниеті түзу діни адамдардың жетуі тиіс мақсаты»,- деп атап өтті Франция президенті.
Ол Қазақстанның «діндер жетекшілері мен барлық конфессия өкілдері арасындағы диалогқа ерекше мән беріп отырғаны үшін, сондай-ақ діни еркіндік және мемлекеттің зайырлылық принципін ұстанғаны үшін» Нұрсұлтан Назарбаевқа ризашылығын білдірді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті