Қазақстан президенті мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құруды ұсынды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан президенті мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құруды ұсынды

Қазақстан президенті мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құруды ұсынды

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құруды ұсынды. Бұл бастаманы мемлекет басшысы бүгін Әлемдік және дәстүрлі діндер жетекшілерінің ІІ сьезінің жабылуында сөйлеген қорытынды сөзінде мәлімдеді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 416
Фото - Caravan.kz

«Орталық дін және мәдениет проблемаларымен бірге білім беру, ғылыми-зерттеу және гуманитарлық жобаларды жүзеге асыру, сондай-ақ, дүниежүзіндегі потенциалдық діни шиеленістердің қыр-сырын зерделеумен шұғылдана алар еді»,- деді Қазақстан президенті.

«Орталық жүзеге асыратын маңызды мақсаттар қатарында халықаралық шараларды өткізу, түрлі елдердің дін қайраткерлері мен саясаттағы марқасқалар арасындағы байланыс пен өзара түсіністікке септігін тигізу, кітаптар шығаруды атауға болады»,- деді ол.

Н.Назарбаевтың пікірінше, орталық таяу уақыттарда іске кірісіп, Бейбітшілік пен келісім сарайында орналаса алады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта