Мәжіліс депутаты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен денсаулық сақтау министрінің қызметтен кетуін талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс депутаты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен денсаулық сақтау министрінің қызметтен кетуін талап етті

Мәжіліс депутаты Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі мен денсаулық сақтау министрінің қызметтен кетуін талап етті

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев пен денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевтың қызметтен кетуін талап етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 475
Фото - Caravan.kz

«Облыс әкімі де, денсаулық сақтау министрі де отставкаға кетуге тиіс. 52 баланың ауыр азаппан біртіндеп өмірден өшетіндігі үшін бұл екеуі бірдей кінәлі»,- деп мәлімдеді Е.Әбілқасымов бүгін мәжілістің жалпы отырысында.

Естеріңізге сала кетсек, мәжілістің өткен жалпы отырысында Е.Әбілқасымов еліміздің Бас прокурорына Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры Нұрсұлу Тасмағамбетова, Оңтүстік Қазақстан облысының әкімшілігі мен денсаулық сақтау министрлігінің басшылығының үстінен қылмыстық іс қозғауды сұраған болатын. «Мен Бас прокурордың өзіне барып, бұл мәселеге аяғына дейін лобби жасамақшымын»,- деп мәлімдеді бүгін Е.Әбілқасымов.

Депутат сондай-ақ әкім мен министрді қызметтен кетіру жөніндегі талап бойынша азаматтардың қолын жинауға дайын екенін білдірді. «Егер бұл мәселе шешілмесе, мен еліміздің азаматтарынан миллион қол жинай аламын. Әкім мен министрді жұмыстан шығару талабымен бәріміз қол жинай бастайық. Халықты мазақ етуге ешкімге мұрсат берілмегенін көрсету үшін»,- деп мәлімдеді ол. «Қылмыстық жауапкершілікке тартылып, өз портфельдерімен қош айтыссын»,- деді депутат.

Өз кезегінде депутат Тоқтар Әубәкіров Оңтүстік Қазақстан облысындағы ахуалды өзінің тікелей бақылуына алуды сұрап президентке ашық хат жолдауды ұсынды.

Мәжіліс депутаты Шаймерден Оразалинов депутаттарға үкімет басшысы мен бас прокурорға сауал жолдауды және палатаның жалпы отырысына денсаулық сақтау министрлігінің шенеуніктерін шақыруды, сол арқылы олардың «иемденіп отырған лауазымына лайықтығын анықтауды» ұсынды.

Мәжіліс депутаты Рауан Шаекин қалыптасып отырған ахуалға парламент араласуға тиіс деген әрептестерінің ұсынысын қолдады. «Тиісті шешім қабылданып, кінәлі адамдар жаза жүктеуге тиіс»,- деп мәлімдеді ол жалпы отырыста.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Оңтүстік Қазақстан облысында ВИЧ індетін жұқтырған балалардың саны 54-ке жетті. Балалар қан ауыстыру және құрамында қаны бар препараттарды құю кезінде дертті жұқтырған деген жорамал бар. Бірақ оқиғаның нақты себебі әзірге белгісіз.

Кеше Н.Тасмағамбетова Оңтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау департаментінің директоры қызметінен кетті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта