Ел президентінің бұйрығымен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жұмыстарының жоспары бекітілді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ел президентінің бұйрығымен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жұмыстарының жоспары бекітілді

Ел президентінің бұйрығымен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жұмыстарының жоспары бекітілді

АСТАНА. 13-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ел президентінің бұйрығымен мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шараларды жүзеге асыру жұмыстарының жоспары бекітілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі ресми БАҚ-тарға сілтеме жасап.

  • 13 Қыркүйек 2006
  • 463
Фото - Caravan.kz

Мәселен, бұйрыққа сәйкес мемлекет басшысының 1-қыркүйекте үшінші шақырылған республика парламентінің үшінші сессиясының ашылуында сөйлеген сөзінде айтылған шараларды жүзеге асыру жоспары бекітілді.

Сонымен бірге президенттің бұйрығымен орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының, президентке тікелей бағынатын және оған есеп беретін мемлекеттік органдардың бірінші басшыларына шаралар жоспарын бұлжытпай әрі дер кезінде орындауды қамтамасыз ету тапсырылған.

Бұл бұйрықтың орындалуын қадағалау президент әкімшілігіне жүктелді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта