«Қазақстан қазір мұнай және газ қорымен дүниежүзінде 6-7, ал уран қорымен 2-орында тұр. Алдағы 8-10 жылда біз тәулігіне 3,5 млн. баррель мұнай өндіретін боламыз. Оның 3 млн. баррелін әлемдік нарыққа шығарамыз»,- деді Н.Назарбаев. «Қазақстан Еуропа мен Азиядағы энергетикалық қауіпсіздік факторына айналды»,- деді президент.
Осыған байланысты көмірсутегі шикізатын тасымалдау мәселесінің маңызы артты. Мемлекет басшысы Қазақстанның Қытайға дейін жалғасатын мұнай құбырын тартып, Баку-Тбилиси -Жейхан мұнай құбырына біріккенін, сондай-ақ, өз мұнайын Новороссийскіге дейінгі құбырмен тасымалдап отырғанын еске салды. «Біз әлемдік нарыққа шығатын басқа жолдарды да қарастыратын боламыз»,- деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті