Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 5-отырысы басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 5-отырысы басталды

Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 5-отырысы басталды

ДУШАНБЕ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 5-отырысы басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2006
  • 383
Фото - Caravan.kz

Қазір кеңестің отырысы тар ауқымда өткізілуде.

Отырысқа Қытай мемлекеттік кеңесінің төрағасы Вэнь Цзябао, Қазақстан үкімет басшысы Даниал Ахметов, Қырғызстан үкімет басшысы Феликс Кулов, Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков, Тәжікстан үкімет басшысы Акил Акилов, Өзбекстан үкімет басшысы Шавкат Мирзияев қатысып отыр.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, отырыс барысында үкімет басшылары Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің сауда-экономикалық және гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылайды. Атап айтсақ, жүк транзиті мен кедендік процедураларды жеңілдету мәселелері талқыланады. Сондай-ақ, үкімет басшылары лаңкестікпен және есірткі тасымалымен күрес саласындағы ықпадастық және шекаралық мәселелерді сарапқа салады. Күн тәртібіне денсаулық сақтау, білім бер және туризмді дамыту мәселелері де енгізілген.

Бұған қоса үкімет басшылары Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 2007-жылға арналған бюджеті мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымының Іскерлік кеңесі мен банкаралық бірлестігімен арадағы ықпалдастықты күшейту мәселелері де қаралады.

Отырыс қорытындысы бойынша бірлескен коммюнике мен халықаралық автокөлік тасымалына қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі келісімнің жобасын жасауды жеделдету жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойылады.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта