Еуропа кеңесі Парламенттік ассамблеясының төрағасын Қазақстандағы адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтық жағдайына байланысты мәселелер, атап айтқанда, оны тағайындау рәсімі, мәртебесі, өкілеттігі, мемлекеттік органдармен қарым-қатынасы қызықтырды. Еуропа парламентінің басшысы омбудсменнің Еуропа Кеңесімен өзара ынтымақтастығына ерекше қызығушылық білдірді.
Б.Байқадамов омбудсменнің қазақстандық моделі туралы айтып берді. Төрт жылғы қызметі барысында Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі мемлекеттің құқықтық жүйесінде өз орнын алды.
Омбудсменнің адам құқығын қорғау саласындағы Еуропалық тәжірибені ерекше атап өтті, сондай-ақ Еуропа кеңесімен жүйелі байланыстарды дамытуға мүдделілік білдірді. «Біз Еуропаның құқық қорғау стандарттарына қосылғымыз келеді», — деп атап көрсетті Б.Байқадамов. Оның айтуынша, парламенттік ассамблея өзінің құрылымдарына қазақстандық құқық қорғау мекемелерімен қатынас орнатуды ұсынып, соңғыларға адам құқықтары саласындағы проблемаларды талқылауға қатысуға мүмкіндік берсе жақсы болар еді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті