Астанада Сауд Арабиясының гранты есебінен салынған сенаттың жаңа ғимаратын елімізге табыс ету рәсімі өтті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада Сауд Арабиясының  гранты есебінен салынған сенаттың жаңа ғимаратын елімізге табыс ету рәсімі өтті

Астанада Сауд Арабиясының гранты есебінен салынған сенаттың жаңа ғимаратын елімізге табыс ету рәсімі өтті

АСТАНА. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Астанада Сауд Арабиясының гранты есебінен салынған сенаттың жаңа ғимаратын елімізге табыс ету рәсімі өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2006
  • 531
Фото - Caravan.kz

Шараға қатысқан Сауд Арабиясы Корольдігі Консультативтік Кеңесінің төрағасы Салех бен Абдалла бен Мухаммед бен Хумейд ҚР парламенті сенатының төрағасы Нұртай Әбіқаевпен кездесуде Сауд Арабиясының Королі Абдулла бен Абдул Әзиз бен оның тақ мұрагері Сұлтан бен Абдул Әзиздің және бүкіл сауд халқының атынан Қазақстанға деген ыстық ықыласты сәлемін жеткізді. «Бүгін біз қазақстандық бауырларымыздың арасында бұл құрметті елдің гүлденуі мен дамуының куәсі болып отырмыз. Тарихи оқиғаға қатыса отырып, бауырлас қазақ халқының дамуына қолдауымызды білдіреміз. Қазақстан мен Сауд Арабстаны арасындағы бүгінгі таңдағы қарым-қатынас Орталық Азия елдеріне үлгі боларлықтай», деді Салех Хумейд.

«Кеше ғана елімізде Әлемдік және дәстүрлі діндер басшыларының съезі болып өтті. Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өткен бұл жиынды Сауд Арабиясы Корольдігі де қолдады. Оның үстіне бүгінгі Қазақстанның жаңа астанасына көмек ретінде араб елінің грантымен салынған сенат ғимараты да Елорданың ажарын аша түсетін болады», деді сенат төрағасы кездесу барысында.

Сондай-ақ, парламентшілердің атынан алғысын жеткізген Н. Әбіқаев еліміз егемендік алғаннан бері Сауд Арабиясының Қазақстанды жан-жақты қолдап, тараптар арасындағы ынтымақтастықтың үлкен өарқынмен дамып келе жатқандығын атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта