Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары бірқатар құжаттарға қол қойды

ДУШАНБЕ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 5-отырысының қорытындысы бойынша бірқатар құжаттарға қол қойылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2006
  • 436
Фото - Caravan.kz

Мәселен, үкімет басшылары халықаралық автокөлік тасымалына қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі келісімнің жобасын жасауды жеделдету жөніндегі өзара түсіністік меморандумына қол қойды.

Сонымен бірге үкімет басшыларының кеңесі Шанхай ынтымақтастығы ұйымының 2007-жылға арналған бюджетін, ұйымның 2005-жылғы бюджетінің орындалуына қатысты қаржылық есепті бекітті. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының хатшылығы мен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы антитеррорлық құрылымы атқару комитетінің 2006-жылғы шығындарының сметасын бөліп жауаптану туралы шешім қабылданды. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының жұмыс істеп тұрған органдарының қаржылық-шаруашылық іс-қызметіне сырттан аудит жүргізу жөніндегі ұйымға мүше елдердің сыртқы аудиторлық комиссияларының есебі қабылданды. Бұған қоса Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің көп жақты сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі ұйым хатшылығының есебі де бекітілді. Шанхай ынтымақтастығы ұйымының тұрақты жұмыс істеп тұрған органдарының шаттағы қызметкерлеріне еңбекақы төлеу ережелеріне өзгерістер енгізу жөнінде шешім қабылданды.

Сондай-ақ, үкімет басшылары өз шешімімен Шанхай ынтымақтастығы ұйымы хатшылығының жаңа құрылымы мен қызметкерлер құрамының тізімін бекітті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта