Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары ұйымның әлеуетін жоғары бағалайды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары ұйымның әлеуетін жоғары бағалайды

Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары ұйымның әлеуетін жоғары бағалайды

ДУШАНБЕ. 15-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары ұйымның әлеуетін жоғары бағалайды. Бүгін Душанбеде Шанхай ынтымақтастығы ұйымына мүше елдердің үкімет басшылары кеңесінің 5-отырысының қорытындысы бойынша өткізілген брифингте осындай пікір айтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 15 Қыркүйек 2006
  • 320
Фото - Caravan.kz

«Шанхай ынтымақтастығы ұйымы — белсенді саяси одаққа айналды деп нық сеніммен айтуға болады»,- деп мәлімдеді республика үкімет басшысы Даниал Ахметов.

Оның айтуынша, бүгін өткен жиында «экономика мен сауда саласындағы ынтымақтастыққа қатысты көп жақты мәселелер талқыланды». «Шанхай ынтымақтастығы ұйымының шеңберінде отын-энергетикасы мен транспорттық әлеуетті дамыту саласындағы ынтымақтастыққа баса назар аударылатын болады. Кездесулер мен қабылданған құжаттар ұйымның аяғынан тұру жолындағы тағы бір маңызды қадамға айналмақ»,- деді еліміздің үкімет басшысы.

Ал Ресей үкімет басшысы Михаил Фрадков :» Шанхай ынтымақтастығы ұйымы интеграция жолында сенімді алға жылжуда. Біздің өзара ынтымақтастығымыздың көкжиегі кеңейе, тәжірибелік мазмұнмен байи түсті. Ұйым — аймақтық және әлемдік саясаттағы маңызды буынға жатады»,- деп атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта