«Соның ішінде Ақтөбенің екі тұрғыны Шешенстандағы ұрыс қимылдары кезінде заңсыз қарулы құрылымдардың құрамында соғысқа қатысқандықтан, жалдамалы содыр болғандығы үшін, ал Тараздың екі тұрғыны Қазақстанда содырлар лагерін орналастыру үшін орын-жай іздестіргені үшін сотталды»,- деді А.Әмірханов. Соңғы екеуіне отанын сатқан деген айып қосымша тағылған. «Олар өз облысының бір ауданынан жалдамалы жауынгерлерді дайындауға қолайлы жерлерді іздеп, оларды бейнекамераға түсіріп, Біріккен Араб Әмірліктеріне жіберіп отырған»,- деді ҚР ҰҚК антитеррорлық орталығының штаб бастығының орынбасары.
ҰҚК өкілінің мәліметіне сәйкес, бұл екеуі «Орталық Азия моджехедтерінің жамааты» ұйымының филиалы ретінде құрылған «Тараз жамааты» атты ұйымның мүшесі болған. Оның іс-қызметіне ҚР ҰҚК мен бірқатар елдердің арнаулы қызметтері 2004-жылы тосқауыл қойды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті