Мәселен, Приозерск, Сәтпаев, Теміртау қалалары мен Ақтоғай, Нұра және Осакаров аудандарының әкімдігінен үміткерлер ретінде екі адамнан таныстырылды. 12 үміткердің 10-ы «Отан» партиясының мүшелері. Облыс басшысы журналистердің алдында олардың әрқайсысына сипаттама беріп өтті.
Н.Нығматулиннің пікірінше, әкімдердің сайланбалылық үрдісін жалғастыра беру қажет. «Бұл халық расында оң резонанс туғызады»,- деді ол.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, еліміздегі аудан әкімдерінің сайлауы 20-қазанда өтеді. Орталық сайлау комиссиясының сайлау алдындағы шаралардың жоспарына сәйкес, қыркүйектің 5 мен 19 аралығында үміткерлердің аты ұсынылса, үміткерлерді тіркеу қыркүйектің 10 мен 24 аралығына белгіленді. Сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстары тіркеу аяқталған күннен басталып, 18-қазанға дейін жалғасады. Сайлау нәтижесі 26-қазанда жария етіледі. Сайлау жанама сайлау құқығының негізінде жүзеге асырылады, басқаша айтқанда, әкімдерді тиісті мәслихаттардың депутаттары сайлайды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті