Қазақстан өкілдері МАГАТЭ-нің 50-ші мерейтойлық сессиясына қатысады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан өкілдері МАГАТЭ-нің 50-ші мерейтойлық сессиясына қатысады

Қазақстан өкілдері МАГАТЭ-нің 50-ші мерейтойлық сессиясына қатысады

АСТАНА. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. 18-22 қыркүйекте Венада МАГАТЭ-нің 50-ші мерейтойлық сессиясы өтеді. Іс-шараға ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Рахат Әлиев басқаратын делегация қатысады. Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 18 Қыркүйек 2006
  • 395
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан делегациясының басшысы өз сөзінде Қазақстанның халықаралық қауіпсіздікті нығайту ісін жақтайтынын, жаһандық проблемалар мен жанжалдарды реттеуде халықаралық ұйымдардың рөлін арттыру жайына тоқталады», деді СІМ өкілі.

«МАГАТЭ мерейтойы құрметіне, сондай-ақ Семей сынақ алаңы жабылуының 15 жылдығына орай, Қазақстан Республикасы көрме өткізу үшін арнайы экспонаттар тапсырды. Олар еліміздің қару-жарақ таратпау мен ядролық сынақтардан бас тартуға қосқан үлесін паш етеді»,- деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта