Павлодар мұнай химиясы зауытында өрт шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
27 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Павлодар мұнай химиясы  зауытында өрт шықты

Павлодар мұнай химиясы зауытында өрт шықты

ПАВЛОДАР. 18-қыркүйек. Kazakhstan Today. Павлодар мұнай химиясы зауытында өрт шықты; зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Павлодар облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінен хабарлады.

  • 18 Қыркүйек 2006
  • 505
Фото - Caravan.kz

Ақпарат көзінің хабарлауынша, Павлодар мұнай химиясы зауытының мұнай айдау қондырғысында жексенбі күні 17 сағат 39 минутта өрт шыққан. Оқыс оқиға орнына төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметі мен зауыттың өрт қауіпсіздігі бөлімшелері шоғырландырылды. Жалын бір сағатқа жетпей ауыздықталды.

Өрттің шығуына жоғары қысымды насос білігінің нығыздаушысы босап кету салдарынан шығып жатқан жанармай өзіндігінен тұтанып кетуі себеп болған.

Ақпарат көзінің хабарлауынша, өрт технологиялық процеске әсер еткен жоқ. Қазір шығын клемі есептелуде.

Осындай оқиға зауытта 1994-жылы да болған. Ол кезде тілсіз жау үш тәулікте әзер ауыздықталды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта