Браконьерлерден заттай дәлел ретінде 16 -шы калибрлі аңшы мылтығы, пышақ және 2 ұрғашы ақбөкеннің ұшасы тәркіленді. Полиция қызметкерлерінің айтуынша, жалпы шығын көлемі 309 мың теңгені құрайды.
Аталған дерек бойынша , ҚР ҚК «Заңсыз аңшылық жасау жөніндегі» 288-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды. Ұсталғандардың айыптары дәлелденген жағдайда олар екі жылдан бес жылға дейін бас бостандықтарынан айрылып, мүліктері тәркіленуі мүмкін.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті