Алматыдағы түнгі клубтарды тексеру барысында полиция қызметкерлері 6 есірткі сақтау дерегін анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыдағы түнгі клубтарды тексеру барысында полиция қызметкерлері  6 есірткі сақтау дерегін анықтады

Алматыдағы түнгі клубтарды тексеру барысында полиция қызметкерлері 6 есірткі сақтау дерегін анықтады

АЛМАТЫ. 19-қыркүйек. Kazakhstan Today. Есірткі саудасымен күрес басқармасының қызметкерлері түнгі клубтарды тексеру кезінде, бір түнде клубқа келушілер арасынан 6 есірткі сақтау дерегін анықтады. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 357
Фото - Caravan.kz

«Алты жағдайдың төртеуінде әйелдер ұсталған»,-деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Атап айтқанда, «Мост» түнгі клубында 21 жастағы әйел ұсталды, одан бір доза героин тәркіленді.

Келушілерден бірнеше мәрте есірткі табылған үш клубтың лицензиясын қайтарып алу мәселесі қаралуда.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті