Атырау облысында "Бекіре 2006" науқаны кезінде 200 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Атырау облысында "Бекіре 2006" науқаны кезінде 200 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді

Атырау облысында "Бекіре 2006" науқаны кезінде 200 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді

АСТАНА. 19 -қыркүйек. Kazakhstan Today. Атырау облысында "Бекіре -2006" күздік науқаны барысында 200 кг бекіре тұқымдас балық тәркіленді. Бұл жөнінде Kazakhstan Today агенттігіне ҚР ІІМ әкімшілік полиция Комитетінің қоршаған ортаны қорғау бөлімінен хабарлады.

  • 19 Қыркүйек 2006
  • 421
Фото - Caravan.kz

Полицияның ақпараты бойынша, Атырау облысы ІІД балық запастарына қастандық жасау қылмысымен күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген рейд шаралары кезінде «Атырау-Астрахань» тас жолында Орал тұрғыны жүргізіп келе жатқан «ВАЗ-2107» автомашинасы ұсталған. Көлуікті тінту барысында құжатсыз 200 кг бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Аталған дерек бойынша тексеру жүргізілуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті