Семейде төгілген сынап табылды - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Семейде төгілген сынап табылды

Семейде төгілген сынап табылды

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында тұрғындар төгілген сынап тауып алды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2006
  • 407
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 15 грамм төгілген сынап кеше коммерциялық дүңгіршектің жанынан табылған.

Сынапты мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау департаментінің қызметкерлері жинап, «Шығыс Қазақстан аймақтық экологиялық демеркуризациялау орталығы» ЖШС-іне табыстады. Сынап табылған жерде демеркуризациялық жұмыстар жүргізілді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті