О.Ивановтың айтуынша, Беларусь жағы алдағы саммитте «аймақаралық ынтымақтастықты мейлінше белсенді дамыту қажеттігіне» баса назар аударатын болады. Оның айтуынша, Еуропалық Одақта осы тектес ынтымақтастықтың оң тәжірибесі жинақталған. «Оның жемісін жер-жерден көруге болады».
Достастықтың іс-қызметін жетілдіруге қатысты ұсыныстар дайындау мақсатында ТМД аясында әдейі құрылған «ақылмандар алқасы» мемлекет басшыларына ұйымды реформалау тетіктері туралы баяндамаларын таныстырады, деді Беларусь өкілі.
Бұған қоса саммитте жоғары деңгейде қабылданған шешімдерді орындау, барлық ТМД елдері үшін уағдаластықтарды жүзеге асыру мерзімін біріздендіру қажеттігі жөніндегі мәселелер талқыланбақшы.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті