Қарағанды облысындағы бір ірі шахтада өрт шықты, құрбан болғандар бар - толықтырылған нұсқа - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+21 °C
Алматы
2026 Жыл
2 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысындағы бір ірі шахтада өрт шықты, құрбан болғандар бар - толықтырылған нұсқа

Қарағанды облысындағы бір ірі шахтада өрт шықты, құрбан болғандар бар - толықтырылған нұсқа

ҚАРАҒАНДЫ. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды облысында "Миттал Стил Теміртау" АҚ-ына қарасты Ленин атындағы шахтада өрт шықты, құрбан болғандар бар. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар саласындағы мемлекеттік қадағалау басқармасынан хабарлады.

  • 20 Қыркүйек 2006
  • 533
Фото - Caravan.kz

Өрт бүгін 9 сағат 30 минутта 800 метр тереңдікте шыққан. Алдын-ала жорамалға сәйкес, өрт метан шығу салдарынан шыққан.

Расталмаған мәліметтерге жүгінсек, оқыс оқиға болған сәтте жер астында 400-дей адам болған. 300-ден астам адам жер бетіне өз бетімен шықты. Бұған дейін үш адам қаза тапты деген хабар болса, қазір құтқарушылар құрбандардың саны төртеу деген мәлімет беруде. Жер астында кем дегенде 8 адам қалды деген жорамал бар.

Өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Оқиға орнында шұғыл әрекет ету қызметтері жаппай жұмыс істуде.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті