Қарағанды, Теміртау және Ақтас қалалары үш тәулікке сусыз қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды, Теміртау және Ақтас қалалары үш тәулікке сусыз қалды

Қарағанды, Теміртау және Ақтас қалалары үш тәулікке сусыз қалды

ҚАРАҒАНДЫ. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қарағанды облысындағы үш қаланың тұрғындары үш тәулікке сусыз қалды, кейбір аудандар жарықсыз отыр. Бұл туралы "Қарағанды -Жарық" ЖШС-нің техникалық директоры Виктор Слепухов бүгін баспасөз мәслихатында құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 20 Қыркүйек 2006
  • 437
Фото - Caravan.kz

«3-ші жылу электр Орталығы — Оңтүстік-Шығыс» жоғары кернеулі электр жалғастыру желісінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Қарағанды, Теміртау және Ақтас қалаларына қыркүйектің 19 мен 21 аралығында суық су, ал кейбір аудандарға жарық берілмейді»,- деді В.Слепухов.

Оның айтуынша, компанияның басшылығы жоғары кернеулі электр жалғастыру желісінің ескірген бағандарын, соның ішінде «Қарағанды Су» насосты станциясын қоректендіретін бөлігін де алмастыруға шешім қабылдаған. «Бұл, әрине, қолайсыздық туғызады, бірақ, бұл істі қыста әлгілер құлап қалған кезде емес, қазір жөндеп алған жөн. Ал қыста құласа, зардабын айта көрмеңіз»,- деді В.Слепухов.

Жұмыстағы осындай үзілісті пайдаланып «Қарағанды Су» компаниясының басшылығы да жабдықтарды жөндеп алмақшы. Компаниялардың басшылығының сөзіне қарағанда, суық су 21-қыркүйектен бастап жіберіле бастайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта