«Бүгінгі таңда ел президенті әкімшілік реформаларлы жүзеге асыру міндетін алға қойып отыр. Мемлекет пен қоғам тарапынан еліміздегі мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған шаралар жоспарын жүзеге асыруға қатысты ауқымды істер күтілуде»,- деп мәлімдеді Н.Әбіқаев.
Оның пікірінше, депутаттар «әлеуметтік-экономикалық реформаларлы табысты жүзеге асыруға қажетті» заң жобаларына қатысты жұмысқа басымдық беруге тиіс.
Н.Әбіқаевтың айтуынша, қазір сенаттың қарауында 13 заң жобасы жатыр, олардың бесеуі конституциялық заңдар. «Жылдың аяғына дейін біз президенттің жолдауын жүзеге асыруға байланысты 15-тен астам заң жобасын қабылдауға тиіспіз. Соның ішінде Еңбек және Экологиялық кодекстер бар. Сонымен бірге үкіметтің бастамсымен жобасы жасалған 70 заң қазір мәжілісте жұмысқа қабылданды»,- деді спикер.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті