Қазақстан 2015-жылға дейін көлік кешенін дамытуға 30 млрд. доллар инвестиция салмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстан 2015-жылға дейін көлік кешенін дамытуға 30 млрд. доллар инвестиция салмақшы

Қазақстан 2015-жылға дейін көлік кешенін дамытуға 30 млрд. доллар инвестиция салмақшы

АСТАНА. 21-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қазақстан 2015-жылға дейін көлік кешені инфрақұрылымын дамытуға 30 млрд. доллар инвестиция салмақшы, деп мәлімдеді бүгін еліміздің көлік және коммуникациялар министрі Асқар Мамин.

  • 21 Қыркүйек 2006
  • 591
Фото - Caravan.kz

«Қазақстанның 2015-жылға дейінгі көлік стратегиясы аясындағы барлық жобалардың жалпы құны 30 млрд. долларға бағаланып отыр. Оның 70 процентін біз жеке меншік инвестиция есебінен тартпақшымыз»,- деді министр Астанада өтіп жатқан «Трансеуразия-2006» атты ҮІ халықаралық конференцияда.

Стратегия аясында 1600 шақырымнан астам темір жол салу мен 3 мың шақырымдайын электрлендіру, сондай-ақ, 50 мың шақырымдай автожолдарды салу мен жаңалау көзделуде.

А.Маминнң айтуынша, қазір еліміздің Жалпы ішкі өнімі құрамында көлік және коммуникациялар саласының үлесі 9 процентті құрайды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта