Қазір екінші деңгейлі банктердегі салымдар көлемі еліміздің Жалпы ішкі өнімінің 60 процентіне теңесті, ал жеке меншік зейнетақы жүйесіндегі қаржы көлемі 7 млрд. доллардан асты.
«Бүгінде Қазақстан қаржының басым бөлігін Ресейге, Украина, Кавказға, орталықазиялық елдеріне инвестиция ретінде салып жатқанын біз қолдаймыз», — деп атап көрсеткен Елбасы елдің алтын-валюталық қоры Ұлттық қордағы резервті қосқанда 25 миллиард долларға жететінін айтты. «Бұл — ТМД-дағы ең жоғарғы көрсеткіш», — деп атап көрсетті Н.Назарбаев өз сөзінде.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті