Н.Назарбаевтың айтуынша, «оның ішінде ауылшаруашылығындағы өңдеу өндірістері, мұнай мен газға арнап машина жасау, мақта өңдеу, медицина және бірнеше технопарк бар».
Қазір Астанада биологиялық зерттеулер орталығы салынуда, Батыс Қазақстан облысында машина жасау саласы, ал Орталық Қазақстанда металлургия саласы дамытылуда. «Олардың бәрі ең озық жоғары технологияларды тартуға бағытталған. Бірақ ол үшін білікті мамандар керек. Елімізге осы жетіспейді»,- деді президент.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті