Н. Назарбаевпен кездесуден кейінгі брифингте елші Қазақстанның жоғары қарқынмен дамып келе жатқандығын атап көрсетті. Ол «Беларусь экономикалық дамудың кейбір бағдарламалары бойынша сіздердің елдеріңізден үлгі алады», — деді.
В.Гапеев сондай-ақ екі жақты қатынастардың одан әрі дами беретініне үміт артты. «Таяу уақытта Қазақстан мен Беларусь өзара тауар алмасу көлемін ұлғайтулары керек, — деді ол. — Осы жылғы жеті айдың ішінде Қазақстаннан Беларусь еліне шығарылған экспорт 2,2 есе, импорт 1,5 есе өсті».
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті