Алматыда тұрғын үйде газ шығуы салдарынан өрт шықты. 7 жастағы екі бала зардап шекті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда тұрғын үйде газ шығуы салдарынан өрт шықты. 7 жастағы екі бала зардап шекті

Алматыда тұрғын үйде газ шығуы салдарынан өрт шықты. 7 жастағы екі бала зардап шекті

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматыда тұрғын үйде табиғи газдың шығуы салдарынан газды-ауалы қоспа тұтанып, артынан өрт шықты. 7 жастағы екі бала зардап шекті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 22 Қыркүйек 2006
  • 393
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, 2 шаршы метр аумақты шарпыған өрт 21-қыркүйекте Әуезов ауданы Қалқаман ауылындағы бес қабатты үйде шыққан.

Өрт салдарынан осындағы бір пәтерде тұратын 7 жастағы екі бала күйікке шалдығып, ауруханаға жеткізілді.

Ғимарат конструкциялары құлаған жоқ. 6 пәтердің есіктері мен терезелеріне зақым келді, 15 пәтерге газ жіберу уақытша тоқтатылды.

Өртті төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндірушілері келгенге дейін жергілікті тұрғындар сөндіріп үлгерді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта