Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалары ВИЧ індетін жұқтырған отбасыларға алғашқы кезеңде 100 мың теңгеден көмек беріледі - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалары ВИЧ індетін жұқтырған отбасыларға алғашқы кезеңде 100 мың теңгеден көмек беріледі

Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалары ВИЧ індетін жұқтырған отбасыларға алғашқы кезеңде 100 мың теңгеден көмек беріледі

ШЫМКЕНТ. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысындағы балалары ВИЧ індетін жұқтырған отбасыларға алғашқы кезеңде 100 мың теңгеден көмек беріледі, деп мәлімдеді облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2006
  • 508
Фото - Caravan.kz

«Облыстық резервтен біз балалары ауру жұқтырған отбасыларға 100 мың теңгеден бөлеміз. Бұл алғашқы көмек қана «,- деп мәлімдеді Ө.Шүкеев.

Сонымен бірге әкімнің айтуынша, бюджеттен облыстық қан орталығына арнап жабдықтар сатып алуға 63 млн. теңге бөлінеді.

Бүгіннен бастап жергілікті билік балалары ВИЧ індетін жұқтырған әрбір отбасымен дербес жұмыс істейді. «ВИЧ індетін жұқтырған балаларбар барлық аудан әкімдеріне вирусологтар, психологтар мен кәсіби дәрігерлерден құралған топтарды құруға тапсырма берілді. Олар әрбір отбасымен жүздесіп, олардың мұтаждықтарын білуге тиіс»,- деді әкім.

Ө.Шүкеев шетелдің көмегіне де жүгінетінін растады. «Шетелдік мамандарды шақырамыз, ЮНИСЕФ және БҰҰ секілді ұйымдарды да тартып, Петербургтегі СПИД орталығымен байланысқа шығамыз,- деді әкім. — Ертең Астанадан да мамандар тобы келеді, олар да осы комиссияның құрамында жұмыс істейді».

Облыс басшысы өзінің жаңа командасын жасақтау барысында бұрынғы қала және аудан әкімдерін отставкаға жіберу немесе жібермеу мәселесі аудандардағы медициналық қызмет көрсету жағдайы ескерілетінін мәлімдеді.

Тұрғындарды жаппай ВИЧ індетіне қатысты тексеруден өткізу мәселесіне қатысты жаңа әкімнің түсініктемесіне жүгінсек, мұнай әрекет егер медициналық процедуралардың салдарынан ересектердің де зардап шеккені анықталған жағдайда орынды болмақ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта