Бүгін Шахтинск қаласында жарылыстан қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Бүгін Шахтинск қаласында жарылыстан қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтеді

Бүгін Шахтинск қаласында жарылыстан қаза тапқан кеншілерді жерлеу рәсімі өтеді

ШАХТИНСК. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Бүгін Шахтинск қаласында Ленин атындағы шахтада 20-қыркүйекте метан жарылысынан қаза тапқан кеншілерді жерлеуге қатысты алғашқы рәсімдер өтеді, жеп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2006
  • 319
Фото - Caravan.kz

Мәйітханадан мәйітті алған әрбір отбасы өз бетімен жерлеу рәсімін өткізеді. «МитталСтилТеміртау» АҚ көмір департаментінің кәсіпорындары жергеуге көмек көрсетпек.

«Arcelor-Mittal» компаниясының президенті Лакшми Миттал қаза тапқан кеншілердің туыстарына көңіл айтып жеделхат жолдады.

«Біз бұл қайғылы оқиғаға қайғырамыз және қаза тапқандардың отбасылары мен туыстарына көңіл айтамыз»,- делінген жеделхат мәтінінде. Л.Миттал жуырда Қазақстанға келіп, өзі тікелей көңіл айтатынын хабарлады.

«Біздің бірінші кезекті мақсатымыз — қаза тапқан кеншілердің отбасыларына қолдау мен көмек көрсету. Қаза тапқандар мен зардап шеккендерді отбасыларына материалдық көмек көрсетіледі»,- деді Л.Миттал.

«Біздің компания үшін жұмысшылардың қауіпсіздігі — басымдық, біз осынау қайғылы оқиғаның себептерін анықтау үшін мемлекеттік комиссиямен бірлесе жұмыс істейтін боламыз»,- делінген жеделхатта.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ленин атындағы шахтада метанның жарылысынан 41 кенші қаза тапты, тағы 6 адам қазір ауруханада жатыр.

Бүгін Қарағанды облысында қаралы күн.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта