Елбасы мен РФ үкімет басшысының орынбасары екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы мен РФ үкімет басшысының орынбасары екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

Елбасы мен РФ үкімет басшысының орынбасары екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен РФ үкімет басшысының бірінші орынбасары Дмитрий Медведев бүгін Астанада өткен кездесуде екі ел арасындағы ынтымақтастық мәселесін талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2006
  • 338
Фото - Caravan.kz

«Кездесуде Ресей мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастыққа қатысты мәселелердің екі елді өзара байланыстыратын сан қырлары мен түрлі бағыттары талқыланды. Соның ішінде экономикалық проблемалар да, сауда мен транспорт саласындағы ынтымақтастық мәселелері де бар»,- деді Д.Медведев кездесуден кейінгі брифингте.

«Біз сондай-ақ, ірі жобаларды, соның ішінде біздің елімізде қазір жүзеге асырылып жатқан басымдық берілген ұлттық жобаларымызға ұқсас жобаларды жүзеге асыруға қатысты Қазақстанның тәжірибесі туралы сөз қозғадық»,- деді ол.

Д.Медведевтің айтуынша, келіссөздер үкімет басшылары деңгейінде жалғасады. «Ағымдағы жылдың қазан айының басында Оралда өтетін шекаралық ынтымақтастық форумында екі ел басшыларының кезекті кездесуі өтеді», деді ол.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта