Өткен аптада елімізде зорлық пен автокөліктерді айдап әкету қылмыстарының саны артқан - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өткен аптада елімізде зорлық пен автокөліктерді айдап әкету қылмыстарының саны артқан

Өткен аптада елімізде зорлық пен автокөліктерді айдап әкету қылмыстарының саны артқан

АСТАНА. 22-қыркүйек. Kazakhstan Today Өткен аптада елімізде зорлық пен автокөліктерді айдап әкету қылмыстарының саны артқан. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ баспасөз қызметінің жетекшісі Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 22 Қыркүйек 2006
  • 409
Фото - Caravan.kz

«Соңғы аптада жалпы алғанда еліміздегі оперативтік ахуал тұрақты болды»,- деді Б.Қожахметов.

Өткен аптада жалпы алғанда елімізде 3050 қылмыс жасалды. Барлық қылмыстардың тең жартысы немесе 1347-сі ұрлық болса, оның 807-сі әшкереленді.

Өткен аптада елімізде қасақана кісі өлтіруге қатысты 63 қылмыс, 29 қарақшылық шабуыл, 240 тонаушылық жасалды. Тиісінше олардың 47, 15 және 148-і әшкереленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта