Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды

Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Алматы облысында жол апатынан төрт адам қаза тауып, бесеуі ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 25 Қыркүйек 2006
  • 386
Фото - Caravan.kz

Мекеме ақпаратына сәйкес, бір апат 24-қыркүйекте Сарқанд ауданында Сарқанд-Екіаша автожолының 11 шақырымында болды. «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі көлігін аударып алды. Апат салдарынан жүргізуші мен екі жолаушы оқиға орнында опат болды. Тағы екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.

Сол күні Еңбекшіқазақ ауданында Алматы-Көкпек-Көктал автожолының 81-шақырымында тағы бір апат болды. «Опель» автокөлігінің жүргізушісі көпірдің бетон қоршауына соғылып қалды. Апат салдарынан бір жолаушы әйел оқиға орнында қаза тапса, жүргізуші мен екі жолаушы түрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта