"Mittal Steel" компаниясы Қазақстандағы шахталарды техникалық тұрғыда қайта жабдықтауға 10 жылда 240 млн. доллар жұмсады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Mittal Steel" компаниясы Қазақстандағы шахталарды техникалық тұрғыда қайта жабдықтауға 10 жылда 240 млн. доллар жұмсады

"Mittal Steel" компаниясы Қазақстандағы шахталарды техникалық тұрғыда қайта жабдықтауға 10 жылда 240 млн. доллар жұмсады

ҚАРАҒАНДЫ. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. "Mittal Steel" компаниясы Қазақстандағы шахталарды техникалық тұрғыда қайта жабдықтауға 10 жылда 240 млн. доллар жұмсады. Бұл туралы Ленин атындағы шахтадағы 41 адамның өмірін қиған жарылыстан кейін елімізге келген компания президенті Лакшми Миттал құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2006
  • 367
Фото - Caravan.kz

«Жыл сайын тау-кен өндірісінің сұранысына деп 20-35 млн. доллар бөлінеді»,- деп мәлімдеді Л.Миттал қаза тапқан кеншілердің отбасыларына көмек көрсету мәселесі талқыланған жұмыс бабындағы кеңестен кейін журналистермен кездесу барысында.

«Қаза тапқан кеншілердің отбасы ешбір мұқтаждық көрмеуі үшін, олардың барлық төлемдерді кідіріссіз, бюрократиялық тосқауылдарсыз алғаны үшін, осындай қайғылы оқиғаның қайталанбауы үшін бәрін жасайтын боламыз»,- деп сендірді Л.Миттал.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 20-қыркүйекте Ленин атындағы шахтада болған жарылыстан 41 адам опат болып, алты адам ауруханаға жатқызылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта