Е.Жұмаділдің айтуынша, кәсіпорын басшылығы күрделі жөндеу мақсатында 12-13-қазанда зауыт жұмысын тоқтатуды көздеп отыр. Кестеге сәйкес күрделі жөндеу бір айға созылуға тиіс. «Жөндеу жұмыстары кезінде кәсіпорында қажетті жанар-жағармай қоры міндетті түрде сақталады. Әдетте, жұмыстарды жоспарлы тоқтату уақыттарында мұнай өнімдерінің тапшылығы туындамайды»,- деді Е.Жұмаділ.
Ал облыстық жанар-жағармай тарату бекеттері қауымдастығының төрағасы Қайыпбек Қамбаровтың Kazakhstan Today тілшісіне хабарлағанындай, қазіргі таңда облысты жанар-жағармаймен қамтамасыз ету жағдайы қанағаттанарлық деңгейде емес. «Жанармай бұрынғыдай жетіспейді. Жанармай тарату бекеттері үзіліспен жұмыс істеуде. АИ-80 жанармайының бағасы 58-60 теңге, АИ-92 жанармайының бағасы 78-80 теңге шамасында сақталып отыр»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті