«Үкімет басшысы Қазақстанда жер серіктері тобын дамыту туралы тұжырымдама алты айдың ішінде жасап шығуға тапсырма берді»,- деді Ғ.Мырзақұлов.
«Әрбір жер серігі 10-12 жыл қызмет етеді. Оларды алмастыру, алмастыратын жер серіктерін дайындаудың өзі дайындықты талап етеді. Ал дайындықтарды ерте бастау керек. Жаңа тұжырымдамада осы жұмыстар ескеріледі. Сонымен бірге осындай бағдарламалар ғарыштық жер серігі технологияларын дамытуға қажетті қаржыны алуға мүмкіндік береді»,- деді Ғ.Мырзақұлов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті