«Партияның сьезі қалған үш жылда партияның мандатын пайдалану қажет деген принциптік шешімге келді»,- деді Ә.Бәйменов.
Сонымен бірге «Ақ жол» партиясының жетекшісі партияның орталық аппараты мандатты пайдалану туралы Орталық сайлау комиссиясымен тиісті консультациялар өткізеді. «Осындай жұмыстардан кейін заңнамаға сәйкес партиялық тізім қалпына келтіріліп, мандатты пайдалану мүмкіндігі пайда болады»,- деді Ә.Бәйменов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті