«Мемлекет басшысының тапсырмасымен заң жобаларына сыбайлас жемқорлыққа түрткі болатын нормалардың бар-жоқтығын тексеруге қатысты сараптама жүргізетін мекемеаралық комиссия құру туралы үкімет қаулысының жобасы жасалды»,- деді З.Балиева. Оның айтуынша, комиссия жуырда жұмысқа кіріседі.
Өз жұмысында комиссия «заңнамалық актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелеріне сәйкестігін немесе сәйкес еместігін айқындау әдістемесі» деп аталатын заң ғылымдарының докторы Марат Қоғамовтың әдістемесін қолданатын болады, деді министр.
З.Балиеваның айтуынша, қазіргі жағдаймен әділет министрлігі қолданыстағы 344 заңнамалық актіге талдау жасады. «Олардың 158-інен біз сыбайлас жемқорлыққа түрткі болатын нормаларды таптық»,- деді министр.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті