Ауғанстанда сапармен жүрген еліміздің өкілдері елді қалпына келтіруге Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастырады - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ауғанстанда сапармен жүрген еліміздің өкілдері елді  қалпына келтіруге Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастырады

Ауғанстанда сапармен жүрген еліміздің өкілдері елді қалпына келтіруге Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастырады

АСТАНА. 25-қыркүйек. Kazakhstan Today. Ауғанстанда сапармен жүрген еліміздің өкілдері Ауғанстанды қалпына келтіруге Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастырады, деп хабарлайдлы Kazakhstan Today тілшісі.

  • 25 Қыркүйек 2006
  • 367
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін журналистерге арнап өткізілген қысқаша баспасөз мәслихатында ҚР СІМ-нің ресми өкілі Ержан Ашықбаев құлағдар етті,- деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

«Осы күндері ҚР сыртқы істер министрінің орынбасары Қайрат Әбдірахмановтың басшылығымен еліміздің бірқатар министрліктері мен ұлттық компанияларының өкілдерінен құралған делегация Ауғанстанда жұмыс сапарымен жүр»,- деді Е.Ашықбаев.

Сапардың мақсаты — сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты нығайтудың негізгі бағыттарын талқылау, сондай-ақ коалициялық күштердің біріккен қолбасшылығы құрамында Ауғанстанды қалпына келтіру жобаларына Қазақстанның қатысу мүмкіндіктерін қарастыру.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта