Кеңес жұмысын аша отырып, премьер-министр еліміздің оңтүстік өңірлерінде электр энергиясының тапшылығы едәуір өсе түскенін тағы да атап өтті. Осы ретте бағасы тұрақты өсіп отырған табиғи газбен жұмыс істейтін станцияларда электр энергиясына бағаның өсу қаупі бар.
Үкімет басшысы кеңесте құрылыс қарқынын жеделдету қажеттігіне тоқталды.
Атап айтқанда, Мойнақ, Бұлақ және Кербұлақ су электр станциялары, сондай-ақ қуаттылығы орташа станциялар салу туралы әңгіме болды.
Мойнақ СЭС құрылысы ең ірі жоба болып табылады. Қытай даму банкімен биылғы жылғы маусымда бірлесіп қаржыландыру туралы несиелік келісімге қол қойылды. Сонымен бірге, Даниал Ахметовтың пікірінше, бүгінде қытайлық әріптестер ұсынған жабдықтар мен жалпы орындалған жұмыс сапасын нақтылау қажет.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті