Жаңа тағайындау туралы ВИЧ індетінің таралуына қатысты ахуал жөніндегі облыстық штабтың отырысында кеше мәлім болды. Отырысты облыс әкімі Өмірзақ Шүкеев жүргізді.
«Оны іс жүзінде директор деп таныңыздар»,- деді департамент директорыынң міндетін атқарушыны таныстырған Ө.Шүкеев.
Ө.Шүкеевтің айтуынша, В.Дудниктің бірінші кезекті міндеті — індет жұқтырғандармен қарым-қатынаста болғандарды тексеруді аяқтау мен қалыптасқан ахуалға байланысты денсаулық сақтау саласына қажетті қаржының сметасын жасауға саяды. Смета облыстық мәслихаттың 29-қыркүйектегі сессиясында таныстырылуға тиіс.
Өз кезегінде В.Дудник қан орталығының жұмысын жоғары деңгейде жетілдіруге күш салуға уәде берді. «Мүмкін жаңа орталық салатын қажеттілік туған шығар»,- деді ол. «ВИЧ дегеніміз — қан тышқақ немесе тұмау емес. Біз ендігң жерде мұндай дертпен өмір сүре білуге үйренуге тиіспіз. Мамандар ұзақ мерзімді жүйелі жұмысқа машықтануы қажет»,- деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті