Шығыс Қазақстан облыстық кеденшілер Қытайдан 25 тонна ет әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облыстық кеденшілер Қытайдан 25 тонна ет әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

Шығыс Қазақстан облыстық кеденшілер Қытайдан 25 тонна ет әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды

ӨСКЕМЕН. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысындағы "Майқапшағай" кеден бекетінің қызметкерлері Қытайдан 25 тонна ет әкелуге жасалған әрекетке тосқауыл қойды. 7 млн. теңгеге бағаланған шошқа етін заң бұзушылар құжатында алма тиелді деп көрсетілген көлікпен әкеле жатқан. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне Шығыс Қазақстан облыстық кедендік бақылау департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 26 Қыркүйек 2006
  • 473
Фото - Caravan.kz

«Тексеру кезінде жүк көлігінен суық соғып тұрғаны кеденшілердің күдігін тудырған. Алма тасымалдауда суық сақтаудың қажеттігі жоқ екені белгілі. Нәтижесінде алма салынған қораптардың артынан контрабандалық жолмен әкеле жатқан 20 тоннадан астам ет табылды»,- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

«Еттің үстінен солярка құйып өртелді. Қазір қылмыстық іс қозғау мәселесі қарастырылуда».

Облыстық кедендік бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, жыл басынан бері «Майқапшағай» кеден бекетінде осындпй төрт дерек әшкереленді.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта