Полициядағылардың хабарлауынша, қылмыстық топты Галка деген лақап аты бар 44 жастағы Алматылық әйел басқарған. Қылмыстық топтың мүшелері 1998-2005-жылдар аралығында ірі және аса ірі көлемде есірткі сатып алу, тасымалдау, сақтау және сатумен шұғылданып келген.
9 адамнан құралған қылмыстық топты қылмыстық полиция комитеті мен оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері 2005-жылы әшкерелеген. Тұтқындардан 12 килограмм героин, «винчестер» мылтығы, 20 мың доллар, 30 түрлі алтын бұйымдар, оларға қарасты емес төлқұжаттар табылған.
Алматы қалалық сотының шешімімен топтың әрбір мүшесі 10 жылға бас бостандығынан айрылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті