Манас әуежайында жолаушылар ұшағы американың жанармай таситын әскери ұшағымен соғысты - kaz.caravan.kz
  • $ 504.6
  • 594.27
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
28 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Манас әуежайында жолаушылар ұшағы американың жанармай таситын  әскери ұшағымен соғысты

Манас әуежайында жолаушылар ұшағы американың жанармай таситын әскери ұшағымен соғысты

БІШКЕК. 27-қыркүйек. Kazakhstan Today. Қырғызстан астанасының халықаралық Манас әуежайында жолаушылар таситын ұшағы көкке көтеріліп бара жатқанда американың жанармай құятын әскери ұшағымен соғысып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

  • 27 Қыркүйек 2006
  • 412
Фото - Caravan.kz

Оқиға кеше кешке әуежайдың ұшу жолағында болған. Ош-Бішкек-Мәскеу бағдарындағы қырғыз әуежелілерінің Ту-154 ұшағы ұшайын деп жатқанда әуежайдың аумағында тұрған АҚШ әскери базасының жанармай құятын ұшағын қағып кеткен. Жолаушылар ұшағында 542 жолаушы мен 9 экипаж мүшесі болған. Артынша ұшақ қайтадан жерге апатты жағдайда қонды. Бастапқы деректерге қарағанда, зардап шеккендер жоқ.

Америка ұшағы қателесіп ұшу жолағына шығып кеткен. Әскери ұшақ өртене бастаған, бірақ от жылдам сөндірілді.

Халықаралық әуежай шұғыл жабылып, оқиғаның себебін айқындау үшін тергеу комиссиясы құрылды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта